ШЕЙХ САИД ФУДА

Шейх Саид Фуда (حفظه الله)– біздің заманымыздың Имам Разиі деген атпен белгілі.

Толық есімі Шейх Саид бин Әбдул Латиф Фуда(سعيد عبد اللطيف فودة) – әл-кәлям (ақида), логика (ойлау туралы ғылым), усул-фиқһ ілімдерінің дарынды ғалымы болып табылады. Фиқһте Шафиғи мазхабында болса, ақидада имам Әшғари жолын ұстанады.

1967-жылы Палестинада Хайфа қаласында дүниеге келіп, бала кезінде ата-анасымен Иордания астанасы – Амман қаласына қоныс аударған және күні бүгінге дейін сол қалада өмір сүреді.

Төменде “DarulFikr” ұжымының орыс тіліне аударған Шейх Саид Фуданың “Религия и разум” атты сұхбатын тамашалап көрсеңіздер болады. Видеоны көру үшін де миларыңызды қыздырып, зейін қойып тыңдауға дайындалып кірген жақсы:) Шейхтің логикасының өте жоғары деңгейде екендігін көре аласыздар.

Шейх жастайынан білімге ынтызар болып өседі. Ең алғашқы ұстазы Хусейн әл-Зухайримен (оған Алланың рақымы болсын)Құранның жартысын жаттап, Шафиғи мәзхабының фиқһы, араб тілінің грамматикасын терең меңгеріп, одан ары қарай ұстазының ұлымен Құран жаттауды жалғайды.

Ұстазы оны кейін “Құранды оқу ілімін” терең білетін ғалым Сайд әл-Анбатауиға (оған Алланың рақымы болсын)жіберді. Осы шейхтан «Тухват әл-Әтфал»мен «Әл-Джазария»атты тәжуид іліміндегі атақты еңбектерді меңгеріп шығады. Ғалымның қасында Құранның үштен бірін жаттап, «Харида әл-Бақия»мен «Джаухарат әт-Таухид»мәтіндерін өтеді.

Шейх Саид Фудакөптеген ғұламалармен жақын қарым-қатынаста. Олардың біршамасы: Шам өлкесіндегі Әбдул Хади әл-ХарсаӘдиб әл-Каллас, Ирактағы Әбдул Қадир әл-Ани (шейх Әбдул Карим әл-Мударристің шәкірті), Мысыр мүфтиі Шейх Әли ДжумаӘбдул Баит әл-Каттани, доктор Умар Камилжәне т.б.

Осындай әлемдік деңгейдегі Шейхтің алдында отырып білім алған, жанында жүрген біздің қазақстандық / қазақ – Олжас Бейсенәліесімді бауырымыз, ағамыз бар. Шын мәнінде бауырымызды мақтан етеміз. Кемі Шейхтің дәрістерін қарап, сабақтарын тамашалап көрген адамдар ол дәреженің биіктігін түсіне алады.

Жазбамен WhatsApp, Telegram, Facebook желілерінде бөлісу үшін, төмендегі белгілерді пайдалана аласыз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх