ШЫҒЫСТАНУҒА КІРІСПЕ

Мен Шығыстанушы болғаннан кейін көп адамда: “Ол қандай мамандық? нені зерттейді? мәнісі неде?”,– деген сынды сұрақтар туындап жатады. Жалпы Шығыстанудеген бір бағытты ғана ғылым емес. Өзінде тарих, экономика, әдебиет, филология, дін, этнография және соларға ұқсас салалардыбіріктіреді. Бұл мамандықтың өкілі жақсы оқып бітірген жағдайда сөзсіз универсалды адам боп шығады. Мен өзім бала кезден Халықаралық Қатынастарғақызығып, университетке түсер кезде де соны мақсат еткен болатынмын. Алайда, Алланың қалауымен, Халықаралық Қатынастардыңішіндегі Шығыстанудеп аталатын мамандыққа тағдыр желі айдап келді. Бір кездерде дұрыс жасалған шешім – бүгінгі хәлімізге алып келді. Өмірде қателеспеу керек екі нәрсеніайтады ғой: 1. Мамандық таңдау; 2. Жар таңдау.Себебі екі таңдаудың да нәтижесі өмір бойы адаммен бірге болады (өзім үшін бала кезден ұстаным қалыптастырғанмын. Қателесіп, қайта көре беретін өмірім ұзақ емес. Сол үшін қазірден Алладан тек хайырлы болатын, өкіндірмейтін таңдаулар жасауды нәсіп ете көр деп сұраймын деген). Екі таңдауыма да дән ризамын! 

Енді, Шығыстану туралы әңгімемізге оралайық. Шығыстану – Шығысты түбегейлі зерттеумен айналысатын кешенді ғылым. Ол әдетте Азияжәне Солтүстік Африкааймақтарына қатысты. Иә, Африканың тек солтүстік бөлігі ғана. Ал түбегейлі Африка континентін зерттейтін Африканистикадеп аталатын сала бар (Шығыстанудан бөлініп шыққан). Шығыс әлемін зерттеу деген кезде – географиясымен, халықтарын танумен шектелмейміз, бәлки, бастан-аяқ сол аймақтардың өткені мен бүгінін зерттеп, ертеңіне баға береміз. Орысша атауы – “Востоковедение”. Біздің Қазақстандағы Шығыстану мектебін – кезіндегі Кеңестік Ресей, оған дейінгі Патшалық Ресейдің мирасы деп айта аламыз. Себебі, Қазақстан Шығыстың өкілі бола тұрып, өзін-өзі зерттеуі мүмкін емес-тін. Ілгеріде солай болды. Ал XXғасырдың 2-жартысындаҚытай өз үлгісінде өзін-өзі танудың маңыздылығын көрсете білді. Ол туралы алдағы уақытта осы сайтымызда жазатын боламыз. Бүгінгі Қытай феноменініңартында да сол кездегі реформалары жатыр.

Біздегі Шығыстануды Ресейдің мирасы дедік. Одан түсінетініміз – Шығыстану ғылымын қалыптастырған Шығыстың өкілдері емес. Ондай болса Шығысқа қарама-қарсы тарап – Батысты ғана білеміз. Жалпы, Шығыс деген атаудың өзі қатыстық. Батыстың Шығысында жатқандықтан ғана Шығыс деп аталды. Содан жаппай мәдениет – Шығыс деп аталып кетті. Тарихты жеңімпаздар, мықтылар жазғандықтан, тарихи атауларды да солар беріп отыр. Батыс әлеміне Шығыстану деген ғылым не үшін керек болды? Әлбетте, алғашында тек бір мақсат – отарлау үшін еді. Бұл саланың Батыстағы алғашқы атауы – Ориенталистика/Ориентализмболған. Біздің Telegram арнамыздың атауында осы сөз қолданылады (Orientalist`s Notes)

Шығыстанудыңпайда болуындағы негізгі миссиясы – Шығысты отарлау, Батысқа бағынышты етуеді. Сол жолда оған ең үлкен кедергі келтірген – Ислам дініболды. Сондықтан Батыстың ең белді ориенталисттері дінді түрлі тармақтарға бөліп, ағымдар құрастырып, мұсылмандарды адастыру жолында аянбай еңбек еткен. Тіпті Ориентализм – Батыстың Исламға қарсы бағытталған интеллектуалды крест жорығы болды делінеді (Али Риза Байзан, Ориентализм и проблема религиозной реформы, 1/2008, Минбар, с. 160).Ориенталист маман Ислам әлемінің белгілі Әл-Азһар, Каир, Уммуль-Қуросынды университеттеріне де жіберіледі. Сондай жерде түбегейлі шариғи білімдерді алады. Ислам концепциясын тереңінен түсінгеннен кейін, нәзік тақырыптарға кіріп, мұсылмандардың арасынан жалған ғалымдар шығарады. Олар өз кезегінде адамдарды соңынан ертіп, сан-алуан бүліктердің есігін ашуы мүмкін. 

Шығыстанудың өз салалары болады (египтология, индология, малаистика, семитология, моңғолтану және т.б.). Мен тек негізгілерін және Қазақстанда бар бағыттарын белгілеп кетсем деймін: 

– Арабтану;

– Иранистика;

– Корейтану;

– Жапонтану;

– Синология (қытайтану). 

Бұның ішіне түркітануды да қосқым келген. Алайда, қазір ол түркі әлемінің өз алдына ауқымдылығын ескеріп, бөлек сала ретінде зерттелуде. Менің негізгі бағытымды тұрақты оқырмандарым жақсы біледі – арабистика/арабтану

Мен тәуелсіздікте туып өскен, егеменді елдің өкілімін. Шығыстағы Шығыстану – өзін-өзін отарлауға бағыттала алмайды. Бізді – Шығыстанушылардың жаңа толқыны деп атаймын. Ориенталистика –  Исламға қарсы жұмыс жасап, Батыстың тыңшыларын даярлаған болса, біз бостандық таңы болмауы үшін бозамық, ел үшін, үммет үшін аянбай еңбек етуді мақсат еттік. Кейде әзілдеп: “Біз Исламның тыңшысымыз“,-деп айтамын. 

Біздің даламыз – Қазақияныңда отарлануында орыс востоковедтерімен тюркологтарыныңжасаған жұмыстары туралы алдағы уақытта жазамын. Әлемде боп жатқан оқиғалардың келбетін түсіну үшін де тереңінен зерделеуге мәжбүрміз, достар! Алдағы уақытта біздің тұрақты оқырманымыз болады деп сенеміз. Бірге игеретін нәрсе өте көп. Дүние сан-қилы кезеңдерден өтіп жатқанда, адам құбылып, заман көшкенде, біздердің жай ғана Play Station ойнап немесе сериал қарап жатқандығымыз үлкен сын болады

Шығыстанушы ретінде негізгі екі бағытты өзіме таңдадым: 1.Дипломатия; 2.Ағартушылық.Бұл сайтымыз үлкен білім порталына айналатынына сенеміз. Осыған дейін жасап келген істеріміздің бәрі ағартушылық бағытына кіреді деп түсінсеңіздер болады. Енді сол қарқынды еселеп арттырмақшымыз. 

Авторы: Арсен Шәди

Жазбамен WhatsApp, Telegram, Facebook желілерінде бөлісу үшін, төмендегі белгілерді пайдалана аласыз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх