Түрік тілі мен қазақ тілінің ұқсастығының өзі – бізге оны игеруді өте жеңіл етеді. Түрік тілінің басқа ерекшеліктерін есепке алмасақ, маған ұнайтын ең бір әдемі тұсы бар. Түрік тілінде балаларға арналған көп әдебиеттер жазылған. Ұрпақ тәрбиесінде ол нәрсенің маңызы өте жоғары.
Сіздерге ұсынып отырғанТүркия Республикасының Дін істері басқармасыныңбұйрығымен басылып шыққан Фатихесімді жеткіншек туралы оқиғалар желісінен тұратын кітапшалар. Негізгі мақсаты: Ислам дініндегі сенім, ғибадат, ахлақ мәселелері туралы білімді кішкентай балаларға түсінікті тілде жеткізе білу. Пайғамбарымыз Мұхаммедті (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)кішкентай бүлдіршіндерге таныту, махаббат қойғызу. Кітапшаларды қазақ тіліне аударып отырып, өзім үшін де көптеген пайда алдым. Ертең менен кішкентай інілерім, қарындастарым, өз перзенттерім Құдай туралы сұраса, оларға берер әдемі жауаптарым дайын. Расымен де біздер білім аламыз, көп ізденіп, түрлі кітаптар оқуымыз мүмкін. Алайда, кішкентай балалардың бала танымындағы Құдай туралы сұраған сұрақтарына, оларға түсінікті етіп жауап бере аламыз ба?! Сол олқылықтардың алдын-алу үшін осы сынды еңбектердің бар болуы өте маңызды. Келешекте қазақ тілінде көптеген балалар әдебиетін жазып, таратуды мақсат етеміз. Қазірше қолымызда бар ресурстарды пайдалана отырып, осы сынды дүниелерді шығара аламыз.
Осы сабақты қарап, керек жерлерін түртіп алсаңыздар болады. Түрік тілін үйренуші болсаңыз да, бала тәрбиелеуші ата-ана болсаңыз да, іні-қарындасының келешегіне алаңдайтын аға-әпке болсаңыз да, сізге берер пайдасы мол деп білеміз.
Ендеше құрметті достар! Төмендегі еңбегімізді тамашалап, пайда ала отырыңыздар! Тамашалап болған соң, астында пікір қалдырып, өз ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар! Одан кейін басқа да бөлімдерін шығара жатамыз! Видеоның астында қосымша сөздік берілген!
СӨЗДІК:
Aile – отбасы
Beraber – бірге
Bahçe – бақша
Güzel – әдемі
Büyük – үлкен
Çeşit-çeşit – түрлі-түрлі
Sebze – көкөніс
Meyve – жеміс
Çiçek – гүл
Hayvan – жануар
Ördek – үйрек
Babaanne – әже
Masa – үстел
Ağaç – ағаш
Yem – жем
Kahvaltı – таңғы ас
Kırmızı – қызыл
Yeşil – жасыл
Kelebek – көбелек
Tavşan – қоян
Her şey – барлық нәрсе
Tekrar – қайтадан
Uzay – ғарыш
Gezegen – планета
Sene – жыл
Hayat – өмір
Güneş – күн
Yağmur – жаңбыр
Yumurta – жұмыртқа
Hızlı – тез
Şimdi – қазір
Armut – алмұрт
Nimet – нығмет
İbadet – құлшылық
Çöp – қоқыс
Torun – немере
Сабақ ұнады ма? Басқа да бөлімдерінің шыққанын қалайсыздар ма? Егер иә десеңіздер, астында пікірлеріңізді жаза кетсеңіздер. Ал егер түрік тілін бізбен бірге оқығыларыңыз келсе, біздің 2 айлық онлайн-курсымызғақатыса аласыздар. Толық ақпарат үшін менеджерімізгехабарлассаңыздар болады.
Авторы: Арсен Шәди
Жазбамен WhatsApp, Telegram, Facebook желілерінде бөлісу үшін, төмендегі белгілерді пайдалана аласыз.