АРАБ ТІЛІ КУРСЫ (ПРОБНЫЙ САБАҚ)

Назарларыңызға араб тіліне арналған онлайн-курсымыздың пробный сабағын ұсынамыз. Араб тіліне арналған біздің курста 3 топ бар: Кіріспе топ; Жалғастырушы топ; Грамматика тобы.

Ал егер де арабша әлі оқу білмесеңіз, әріп танымасаңыз, тегін бір айлық курсымызғақатысып, өз бетіңізше үйрене аласыз. Алайда ол жерде ұстаздың кері байланысы жоқ. Дей тұрғанмен де, сабақтар өте түсінікті формада жасалған. Бітіріп шығып, нәтижесін көріп жатқан көптеген қатысушыларымыз бар. 

Ал енді АРАБ ТІЛІНІҢ КІРІСПЕ ТОБЫ туралы түсіндіре кетейік.

Өзіміздің тәжірбиемізді жинай отырып, түрлі тәсілдерді игере отырып осы АРАБ ТІЛІНЕ КІРІСПЕатты курсты құрап шықтық. Бұл топ 1 айға жоспарланған. Араб тілінен тек әріп танып, оқу білетін адам үшінтаптырмас жүйемен құрастырылған деп нақ сеніммен айта аламыз. Себебі көп жағдайда араб тілін енді бастап жатқан адамдар, дұрыс жүйе қоя алмағандықтан, кірісе алмай кетіп жатады. Біз сіздерді алып мұхиттың ортасына тастап жібермейіз, бәлки, ақырындап, жағамен алып келіп, араб тілінің дәмін татқыза отырып, зорықтырып алмай кіргіземіз. Тіл игеруді енді бастап жатқан кезде ескеру керек дүниелер бар. Оларды міндетті түрде қамтып өтеміз.

Араб тілінен басқа өзге тілдерді де игеруші ретінде лингвистикалық саралау қабілеті арқылы адамның миына салмақ салмайтындай етіп, жүйелі түрде құрадық. Тек сіздің ниет-ықыласыңыз мықты болса болғаны!

Енді бұл бір айда не үйреніп шығасыз?

  • 500-ден астам сөз жаттайсыз (активті сөздік қор);
  • Араб тіліндегі ер тегі / әйел тегі түсінігі (التذكير و التأنيث);
  • Сұраулы сөйлем;
  • Сілтеу есімдіктері;
  • Есімдіктер (الضمائر);
  • Тәуелдік жалғаулары;
  • Мекен үстеулері;
  • Етістіктің осы шағы;
  • Жаттаған сөздерді сөйлемдерде пайдалану;
  • Диалог;
  • Өзімізді таныстыру.

Бұл топта арнайы бір кітаппен өтілмейді. Түрлі кітаптардан жинақталған сабақтар форматын ұсынамыз. Осы топты аяқтағаннан кейін, келесі АРАБ ТІЛІ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ ТОПТЫұсынамыз. Ол топта араб тілін игеріп бастаған адамдар үшін өте керемет кітап ӘЛ-КИТАБУЛЬ АСАСИ-дің бірінші томын толық оқып бітіреміз. 

Одан кейін араб тілін үйренушіні ақырындап АРАБ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫМЕН таныстыру үшін, арнайы ГРАММАТИКА ТОБЫНқұрастырдық. Ол жерде белгілі ӘН-НАХУ ӘЛ-УАДЫХ кітабының бірінші томы толық оқылады. 

Әр топтың алғашқы сабақтарын төменнен көре аласыздар.

Құрметті достар! Енді бағаларын жазамыз.

Араб тіліне кіріспе тобы

12,990₸

Жалғастырушы топ (Әл-Китабуль Асаси)

24,690₸

Грамматика тобы (Ән-Наху Әл-Уадых)

17,890₸

Егер де бәрін бірден жеңілдікпен алуды қаласаңыз, сізге Mumtaz пакетін ұсынамыз: 45,570₸

Бәрі видео-дәрістер болғанымен, сабақтың кері байланысын Arsen Shadi ұстаз өзі жасайды. Яғни сабақты тексеріп, түсінбеген жерлеріңізді түсіндіреді. 

Осы жылғы соңғы баға. Келесі жылдан бастап курсқа өзгерістер енгізіледі де, сәйкесінше бағасы да өзгереді.

Курсқа тіркелу дедлайны (соңғы күн): 30.09.2022

Сабақтың басталу күні: 01.10.2022

Кері байланысты ұстаз өзі жасағандықтан, орындар саны шектеулі болады. Бүкіл ақпарат сайтта берілген. Курсқа қатысуды қаласаңыз, төмендегі сілтемені басып, менеджерге жазу керек.

Менеджер

Жазбамен WhatsApp, Telegram, Facebook желілерінде бөлісу үшін, төмендегі белгілерді пайдалана аласыз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх