Егер сіз орыс тілін меңгерген болсаңыз, бірақ оны жетілдіргіңіз келсе, дұрыс әрі сауатты сөйлеуді мақсат етсеңіз – бұл курс сіз үшін!
🔹 Курстың ерекшелігі:
Бұл курс орыс тілін енді бастап үйренушілерге емес, бар білімін тереңдетіп, өз ойын нақты әрі сауатты жеткізуді қалайтындарға арналған. Біз сіздің артикуляцияңызды, дикцияңызды жақсартуға және ең көп кездесетін грамматикалық қателерді түзетуге көмектесеміз.
📌 Курста не үйренесіз?
✅ Орысша сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған арнайы артикуляциялық жаттығуларды орындау;
✅ Дикциямен жұмыс жасап, таза, анық сөйлеуді меңгеру;
✅ Орыс тіліндегі ең көп қателесетін грамматикалық құрылымдарды меңгеру және оларды дұрыс қолдану;
✅ Мәтіндерді терең талдау арқылы тілдік ойлау қабілетін дамыту;
✅ Орыс тілінің негізгі грамматикалық ережелерін жүйелеп, дұрыс окончанияларды қоюды үйрену;
✅ Ойды анық жеткізуге көмектесетін қызықты әрі тиімді жаттығулар жасау.
Бұл курс жалпы бір айға жоспарланған.
Курс барысында сіздің сөйлеу қабілетіңізді жақсартуға арналған арнайы жаттығулар беріледі.
Мысалы:
🗣 КПТУ, КПТА, КПТЫ, КПТО, ПТКУ, ПТКА, ПТКЫ, ПТКО және т.б. секілді әріптік комбинацияларды қайталау арқылы сіздің артикуляцияңыз орыс тілінің табиғи ритміне бейімделе түседі. Бұл әдіс тілді тез әрі дұрыс меңгеруге көмектесетін ең тиімді тәсілдердің бірі.
📢 Неліктен бұл курс сізге қажет?
✔ Орыс тілінде таза әрі дұрыс сөйлеуді үйренесіз;
✔ Грамматикалық қателерді жою арқылы сауатты жазу және сөйлеу қабілетіңізді арттырасыз;
✔ Күрделі мәтіндерді түсіну және талдау қабілетіңізді дамытасыз;
✔ Ең қажетті, қолданбалы тілдік дағдыларды меңгересіз.
Келесі сілтемені басу арқылы біздің курстарға қатысқан жандардың пікірлерімен таныса аласыз: пікірлер (отзыв)
Төменде бірінші сабақты тегін көріп таныса аласыз ⤵️