ШЕЙХ МУХАММАД ӘЛИ САБУНИ

Суретке қараңыздаршы…Шейхіміз жас кезінде өте сұлу болған, кәрілік шағында жүзінен нұр тамып тұр. Бұл – ілімнің бейнеті, Құранның құдыреті, дініміздің ақиқаты. 

Шейх Мухаммад Әли Сабуни1930 жылы Сирияның Алеппо қаласында білімді жанұяда дүниеге келген. Алғашқы білім нәрін әкесінен татқан. Ғалымдардың өмірінен алатын тәліміміз өте көп. Ертең біздер де өз ұрпақтарымызға, кемінде алғашқы білім негізін бере алатындай ілім игеру қажетпіз.

Әли Сабунибастауыш мектепте Құранжаттауға кіріседі де, орта сыныптарға жеткенде толықтай аяқтап шығады. 

Шейхіміз Алепподағы шамдық үлкен ғалымдардың бірнешеуінен тәлім алған, олар:

Шейх Мухаммад Наджиб Сираджуддин

Шейх Ахмад ал-Шама, Мұхаммад Са’ид ал-Идлиб

Шейх Мұхаммад Раджиб ат-Таббах

Шейх Мұхаммад Наджиб Хаятжәне т.б.

Мектеп бітіргеннен кейін “Ат-тижара” медресесіне түсіп, бір жыл үздік оқып, “риба” мәселесі болғандықтан оқудан шығып қалады (Риба – харам етілген өсімдік пайыз). Одан кейін Алепподағы “Хасрауия” шариғат мектебіне түсіп, 1949 жылы тәмамдайды.

1952 жылы Уақф министрлігінің қолдауымен атақты “Әл-Азһар” университетіне оқуға тапсырады. Шариғат кафедрасын 1954 жылы  бітіреді. 

Одан кейін қызмет жолы басталады. 1955-1962 жылдары Алеппода, кейіннен Саудияда “Патша Абдулазиз” университетінің шариғат факультетінде 28 жыл бойы сабақ береді.

Меккедегі Әл-Хараммешітінде, Жидда қаласында да Тәпсірсабақтарын жүргізген.

Шейхтің бірнеше еңбектерін келтіретін болсақ:

“Сафуат ат-Тафасир”

“Рауаиғ ал-Байан фи Тафсир Аят Әл-Ахкам”

“Ат-Тафсир ал-Уадых әл-Муяссар”

Шейхіміз 2021 жылы, 19 наурызда Стамбулға жақын Ялово деген жерде Раббысың рахымына қайтты…

Бұл жерде біз сіздерге ғалым туралы аз ғана ақпарат бердік. Ең кемі жаппай халық деңгейінде осындай базалық танымымыз болғаны жөн. Біз үшін нағыз жұлдыздар осы кісілер. Шейхімізға дұға етіп, Құран бағыштауды ұмытпайық!

Ербол Ахмедов

Ғалымдардың өміріне қызығу – солардай болуға ұмтылдырады, стимул береді, үлгі тұтатын модель пайда болады. Ғалымдардың артынан жаман сөз айтып, оларға тіл тигізуге болмайды. Имам Ахмадайтты: “Ғалымдардың еті улы. Кім оны иіскесе – ауырады, кім оны жесе – өледі”. (Жеу, яғни, артынан жаман сөздер айту).

Мақаланы құрастырып дайындаған: Арсен Шәди

Құрастыру барысында әлеуметтік желідегі Ербол Ахмедовбауырымыздың Galymdar.kzпарақшасындағы жазбадан қосымша ақпараттар алынды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх