БАТЫС ЖӘНЕ ШЫҒЫС ДИХОТОМИЯСЫ

Ертеден Батысжәне Шығысұғымдары қалыптасқан және соны түсіну үшін екі үлкен өркениеттік бөліністің тарихын қарапайым түрде талдап көруге тырысамыз. 

Бүгінде Батысдеген кезде ойымызға бірден Еуропамен АҚШкеледі, ал Шығысдегенде Азияныелестетеміз. Негізінде Батысжәне Шығысдеген дихотомия, бөлініс – географиялық тұрғыдан емес, мәдени тұрғыдан. Ол бөліністің картада нақты бір шекарасы да жоқ. Мәселен, Аустралия–  географиялық тұрғыдан шығыста орналасқанымен, мәдени тұрғыдан батыстың нақ өкілі. Керісінше бүкіл мұсылман елдері қай жерде орналасқанына қарамастан шығыс әлеміне кіріп кетеді.

Батыс және Шығыс деген бөлінісалғаш Еуропа ғылымында XVIII ғасырдапайда болған. Шарль Луи де Монтескьёдеген француз жазушысы, құқықтанушысы өзінің “Парсы жазбалары” (фр. Lettres persanes)атты романында жоғарыда жазылған ұғымды алғаш қолданғандардың бірі болады. Шығыс ол адамзат тарихындағы алғашқы өркениеттердің пайда болған жері. Мектепте оқығанШумер-Аккад мәдениеті, көне Мысыр мемлекеттігі, Ассирия, Бабыл (Вавилон), Персия, Үндістан, Қытай.Ал Батыс дегенімізКөне Грекия, көне Рим өркениеттері (антика). Рим империясы қанатын кеңге жайған тұста бүкіл Таяу Шығысаймағын бағындырған болатын. Грек мәдениеті роман мәдениетімен алмасты, кейіннен Византиякейіпінде христиан мәдениеті жайлады. Сол тұста Рим екіге бөлінді(395 жыл): Батыс Рим империясы және Шығыс Рим империясы (Византия).

Батыс Рим империясын шығыстан келген ғұндар құлатады, ал Шығыс Рим империясы 1453 жылға дейін жасайды. Сол ғұндардың келуімен Еуропа тарихындағы Ұлы қоныс аудару кезеңі басталады(IV-VII).

VII ғасырдыбіз жақсы білеміз. Араб түбегінің Хиджаз аймағында Исламның туы көтерілді. Рим империясы кезінде жауланған Таяу Шығыс аймақтарының бәрі мұсылмандардың иелігіне өтті де, Ислам дінінің қанаты Испания жеріне дейін жайылды. Ал Еуропа ол кезде өз аумағында түрлі таластармен, викингтердің шабуылдарымен әуреленіп жатты, феодализм дами берді, корольдіктер құрылып, басқа бір корольдіктер ыдырау процессінде болды.

1054 жылыхристиан шіркеуінің екіге бөлінуі орын алды: Батыс Еуропада Католиктік шіркеу. Оның орталығы ретінде Рим қаласыбекінді. Шығыс Еуропада Православие шіркеуі. Оның орталығы ретінде Константинополь(кейіннен Стамбул) қаласы бекінді. Бұл тарихи деректердің бәрі Батыс және Шығыс деген ұғымдарды түсіну үшін аса қажет. 

Міне, енді жеттік. Еуропада Ренессансдеп аталатын дәуір басталды. Шамамен XIV ғасырларданбастап Еуропаның қайта жаңғыру кезеңі келеді. Ол тұста еуропалықтар кезіндегі антикалық мәдениетті жаңғыртып, білімге бет бұрады. Антика мәдениетінің негізгі нормасы болып табылатын демократияұғымын жандандырады. Батыстың өзінің ойшылдары пайда болады.

XVI ғасыр шіркеудегі тағы бір реформацияғаалып келді. Католицизм, православиеменқатар христиандықта тағы бір протестантизмдеп аталатын бағыт пайда болды. Протестанттардың сенімі бойынша Құдай жұмыс жасамайтындарды жазалайды да, еңбекқор адамдардың жағында болады делінді.Осындай сенім түптің түбінде капитализмніңрухын қалыптастырды. Капитализм бойынша адам бірнәрсемен айналысу керек-тін. Яғни, уақытын текке құртпай, пайда келтіретін, табыс келтіретін іспен шұғылдануы ләзім дегенді меңзейді. Баршамыз өмірімізде бір мәрте болсын “Time is money” / “Время – деньги”деген сөзді естігенбіз. Міне, сол сөз осы протестантизм этикасынан алынады. Православиені ұстанған Ресей үшін де, оның көршісі болған көшпелі біздер үшін де бұл ұғым ешқашан түсінікті болған емес. Мен өзім АҚШ-қа барып қана, солардың тұрмыс-тіршілігін бойымда сезген соң ғана бұл сөздің мағынасын жете түсіне алдым. 

Бір құлдырау кезеңінен кейін осылайша Батыс үлкен қарқынмен алдыға шығып кетті. Географиялық ашылуларкезеңі келді. Колумб Америкаға жол ашса, Васко да Гама Үндістанға жол ашты. Жаңағындай идеологиямен қуатталған Батыс, бір орында тұра алмады. Шығысты игеруге бел байлап, тағы бір үлкен кезеңге қадам басады. Әлбетте, өз пәлсәпасы бар, өзімен өзі болып, тыныш жатып үйреніп қалған Шығыс үшін күтпеген жағдай орнайды. XV-XVI ғасырлар және XVII ғасырдың басым бөлігісауда колониализмідеген атпен белгілі болады. Еуропалықтар Шығыстан түрлі-түрлі тауарларды Батысқа тасымалдайды. Американы отарлаған кезде сондай көлемде алтын мен күміс алып кеткен батыстықтар, Шығыспен сауда жасағанда 1.5 ғасырға жететін дүниелерді алады. Бұл Батыстың Шығысқа қарай жасаған ақырын қадамдары ғана болды.

Шығыс әлемі қолынан келгенше тойтарыс беруге тырысады: Жапониямен Қытайжабық есік саясатын ұстанып, шекараларды бекітеді. Алайда, Шығыстың осал нүктесі – Үндістанболады. Ондағы касталық жүйе, бағынып үйреніп қалған қоғам – басқыншы батыстықтар үшін таптырмас мүмкіндік болады. Сауда колониализмі болып басталған ағылшындардың Үндістан сапары – нәтижесінде саяси және экономикалық колониализмге ұласады. Отарлаған елдерден тоналған байлықты пайдалана отырып Батыс өзіндегі білімді, технологияны, өндірісті дамытып отырды. 

Енді Ислам әлемі туралы айтатын болсақ, ертеден мұсылман мемлекеттері Шығыстың өкілі ретінде танылған. Сондықтан кез-келген мұсылманды әлемде Шығыс мәдениетін өз бойында дәріптеп жүрген адам деп таниды. Алдағы уақытта мұсылман мемлекеттерінің тарихын, құрылуын және ыдырауын толыққанды осы сайтымызда жазатын боламыз. Қазір Батыс және Шығыс деген дихотомиянытүсіну үшін осы тақырыпты ашатын негізгі сәттерге ғана тоқталмақшымыз.

Ислам халифатының соңғы өкілі болып есептелген Осман империясыныңыдырауымен, соның басқару аймағына кірген бүкіл мұсылман өлкелері Батыс державаларымен талан-таражға түсті: Сирия және Ливан француз протекторатына айналды, Ирак және Палестина британ мандатына берілді, Ливияны Италия алды, Солтүсік Африка елдерін бөліп алды және т.б.

Қазақстанда үлкен Шығыс деп аталатын өркениеттің өкілі. Қазақстан тарихынанXIX ғасырдың ортасындакең даламыздың орыстармен түгелдей отарланып біткендігін білеміз. Орыс патшалығын 1917 жылы Кеңес Үкіметіалмастырды. Содан 1991 жылғадейінгі тарихымыз жеке-дара өрбімейді. 

Осы жоғары жазылған тарихи деректердің бәрі бізге Батыс және Шығыс туралы түсінік беріп, негізгі болмысын сипаттап, ұғымдарын айқындап түсіндіреді. Басында жазғанымыздай ол бір географиялық атау емес, бәлки, мәдени атау. Мен өзім Шығыстың өкілі бола тұра Шығысты зерттейтін мамандық – Шығыстануды таңдадым.

Батыс– прогрессивті, отарлаушы, дамыған, алдыңғы қатарлы, қуатты, бай…

Шығыс– тоналды, қаналды, ұйқыдағы жолбарыс секілді болды, енді қайта оянуда. Шығыс аяққа түбегейлі тұрған кезде, Батыс дүр-сілкінеді. Қазірдің өзінде технологиялық прорыв, өндіріс, сауда, экономика соның мысалын көрсетуде. Тап бүгінгі таңда Шығысты тани түсу аса маңыздылыққа ие деп білемін. 

Авторы: Арсен Шәди

Жазбамен WhatsApp, Telegram, Facebook желілерінде бөлісу үшін, төмендегі белгілерді пайдалана аласыз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх