Араб тілінің жалғастырушы тобы – ары қарай араб тілін сезе түсу үшін, араб мантығын, логикасын ұғу үшін арналған. Тілдің логикасын ұққан кезде, оны игеріп кету оңайға соғады. Бұл топта басшылыққа арнайы араб мемлекетінде шыққан, тунистік Әл-Китабуль Асаси кітабын таңдап алдық. Нақтырақ айтсақ, сол ауқымды кітаптың бірінші бөлімі.
Бұл топты жалпы кімдер үшін құрап шықтық?
Егер сіздің араб тілінен азды-көпті базаңыз болса, кемі 100 шақты сөз жаттасаңыз, сөйлесу тақырыптарын меңгеріп, тапсырмалар орындап, араб тіліңізді дамытқыңыз келсе, сіз үшін таптырмас топ деген болар едік. Бұл топта бізде 24 сабақ бар негізгі. Бәрін жинай келе 2 айға жүйелеп бағдарлама құрдық.
Бізбен бірге бұл курста 2 ай ішінде не үйрене аласыз?
- Қандай да бір араб еліне барғанда әуежайдағы құжатты өзіңіз толтыра алатын боласыз;
(Мысалға, мен өзім Мысырға алғаш барғанда, осы кітаптан алған білімімді пайдаландым. Әуежайдан түсе сала, алдыңыздан орысша/ағылшынша үйреніп алған мысырлықтар жүгіріп шығып, 15-20 долларға келу қағазын толтырып беруді ұсынады. Тіл білмейтін жандар амалсыз соларға ақша төлеп, толтыртады. Ал мен болсам қалтамда артық 15-20 долларымды сақтап қалдым).
- Араб елінде қонақ үйден өзіңізге номер алуды үйренесіз;
- Дәмханада түрлі тамақтарды араб тілінде таңдай алатын боласыз;
- Банктерде ақшаңызды алмастыра алатын боласыз;
- Адамдармен еркін сөйлесуге бейімделе түсесіз;
- Дәрігердің алдына барғанда ауырған жеріңізді түсіндіре аласыз;
- Отбасы мүшелеріңіздің атауларын айта алатын боласыз;
- Көшеде қолданылатын керекті сөздерді білесіз;
- Почта қызметіне жүгіне аласыз;
- Араб тілінде уақыт, заман туралы сөйлесе алатын боласыз;
- Базарда қажетіңіздің бәрін ала алатын боласыз;
- Полиция қызметкерлерінен жәрдем сұрай аласыз;
- Арабша газет оқуды үйренесіз;
- Жылдың 4 мезгілі туралы айта алатын боласыз;
- Пәтер ала аласыз;
- Араб елдері туралы түсінік қалыптастырасыз.
Байқасаңыздар, жоғарыда жазғанымның бәрі күнделікті өмірді суреттейді. Яғни, бұл кітап біз бен сізге араб елінде қарапайым күнделікті өмір сүру барысында қажетті инструменттерді үйретеді.
Тілде сөйлесу дегеніміз не өзі? Өмір туралы сөйлесу емес пе?!
Араб тілі – өмірдің тілі, өмір сүрудің тілі!
Тілді сезу үшін, сөйлесуді үйренген жөн әуелі. Біздің ұстанымымыз осы. Содан кейін барып наху, сарф сынды грамматиканың салаларына қызыққан жандар кіре алады. Грамматика әлемі саяхат – бөлек ләззаттың тақырыбы. Оны уақыт сәтінде көре жатарсыздар. Араб тілінің тереңдігін, түпсіздігін аңғаратын боласыздар.
Бірақ бір қуанышты жаңалық! Сіздер керемет саяхатты бастап жатсыздар…Ол – араб тілін үйрену саяхаты. Мен де кезінде осы саяхатты бастап едім…Бүгінде сол сапарымды жалғап келудемін…
Араб тілі – өмір тілі!
Ұжым атынан сіздерге сәттілік тіледік!