Ағылшын тілі | Beginner

Статус
Тіркелмеген
Баға
Закрытый
Бастау
This Курс is currently closed

Егер ағылшын тілін үйренуді енді бастап жатсаңыз, Beginner деңгейі тап сізге арналады. “Beginner” деген сөздің тілдік мағынасы “бастауыш” дегенді білдіреді.

Халықаралық стандарт бойынша тіл деңгейлері келесідей болып бөлінеді: A1/A2, B1/B2, C1/C2.

Beginner деңгейі = A1.

Beginner деңгейінен кейін ағылшын тілінде Elementary деңгейі келеді. Elementary деңгейі де = A1.

Неліктен олай?

Егер сіз ағылшын тілінде жай сөйлемдер құрай білсеңіз, бастапқы грамматикадан хабардар болып, дұрыс оқи алсаңыз, ондай жағдайда Beginner-ді оқымай, бірден Elementary деңгейіне өте аласыз. Алайда нақты сенімділігіңіз болмаса, білімді жүйелі түрде, Beginner деңгейінен бастап үйренуді ұсынамыз.

Beginner-ден бастап оқуға бірнеше себеп:

  • Егер бұрын соңды ағылшын тілін оқымаған болсаңыз;
  • бұрындары басқа шет тілін оқыған болсаңыз;
  • мектепте, колледжде, университетте бұрын ағылшын оқып, алайда ештеңе есіңізде қалмаса;
  • бұрын ағылшын оқып, алайда 0-ден бастап, біліміңізді қайта жүйелегіңіз келсе, Beginner деңгейінен бастап оқу – ең дұрыс шешім болады.

Кез-келген тілді басынан бастап оқудың маңыздылығы зор. Себебі онда бәрі жүйеленген, алғашында оңай тақырыптар өтіледі. Солайша ақырындап тілге кіргізеді. Егер бірден күрделі тақырыптарға өтіп кетсеңіз, өмір бойына тіл оқығыңыз келмей қалуы бек мүмкін.

Бізбен бірге Beginner-ді өткен соң не біліп шығасыз?

  • Present, Past, Future Simple қарапайым шақтарын білесіз.
  • “I see a book” сөйлемінде “book” сөзінің алдында неге “а” тұрғанын және “The book is good” деген сөйлемде “book” сөзінің алдында “The” не үшін тұрғанын білесіз (артикль тақырыбы).
  • Ағылшын тілінде етістіктердің 3 формасы бар екенін білесіз. Мысалы, go – went – gone.
  • Заттардың санын санап, ол заттардың кімге тиесілі екендігін айта аласыз.
  • Ағылшын тілінде біреуге бұйырып н/е өтініш білдіріп сөйлей аласыз.
  • Өзіңізге ұнайтын ж/е ұнамайтын нәрселер туралы адамдарға әңгімелеп бере аласыз.
  • Жасай алатын ж/е жасай алмайтын дүниелеріңіз туралы бірнеше сөйлемдер құрай аласыз.
  • Бір адамды, затты сипаттап айтып бере аласыз.
  • Сөздік қорыңыз 500 бен 700 сөздің арасын құрайды.

Speaking (сөйлесу) жағынан:

  • Әліпбені білесіз ж/е ағылшын тілінде санай аласыз.
  • Ағылшын тіліндегі сөйлеу акцентіңізді жақсартатын жаттығулар жасайсыз.
  • Өзіңіз жайлы бірнеше сөйлем айта аласыз.
  • Мамандықтар, әлем елдері, халықтар туралы айта аласыз.
  • Адамдармен таныса аласыз.
  • Ауа-райы туралы сөйлесе аласыз.
  • Дүкенде, дәмханада қажетіңізді ала аласыз.

Reading (оқу) жағынан:

  • Ағылшын тіліндегі сөздерді дұрыс оқуды білесіз.
  • Жеңіл мәтіндер, диалогтар ж/е жеңіл ертегілер оқи аласыз.

Listening (тыңдау) жағынан:

  • Өз деңгейіңіздегі аудиоларды тыңдап, түсіне аласыз.
  • Шетелдік адам сізге жай сөйлесе, өтілген сөздеріңіз болса, оңайлықпен түсіне аласыз.

Writing (жазу) жағынан:

  • Ағылшын тілінің әріптерін дұрыс жазасыз.
  • Бірнеше сөйлемдер ж/е қысқа мәтін жаза аласыз.

Келесі сілтемені басу арқылы біздің курстарға қатысқан жандардың пікірлерімен таныса аласыз: пікірлер (отзыв)

Курс құны кері байланыспен: 27.750₸ ⤵️

📌 сабақтарға 6 ай доступ;
📌 куратордың кері байланысы (тапсырма тексеру, қатеңізді туралау);
📌 курстың келесі деңгейіне 40% жеңілдік.

Курс құны кері байланыссыз: 15.250₸ ⤵️

📌 сабақтарға 3 ай доступ;
📌 өз бетіңізше жұмыс жасай аласыз, біз тараптан тексеру болмайды.

Курсқа төлем жасау үшін төмендегі “Сатып аламын” батырмасын басасыз, қажетті пакет үшін курс құнын төлейсіз, төлем жасаған соң менеджерге сатып алу туралы чекті жібересіз, ары қарай менеджер сізді тізімге қосады.

Менеджермен байланысу үшін келесі сілтемені басыңыз: сілтеме

Төменде бірінші сабақты тегін көріп таныса аласыз ⤵️

Прокрутить вверх