Ағылшын тілі – Pre-Intermediate

Статус
Тіркелмеген
Баға
Закрытый
Бастау
This Курс is currently closed

Pre-Intermediate деңгейі халықаралық стандарт бойынша A2 деңгейіне жатады. Бұл деңгейде сабақтар біршама күрделене түседі. Шақтардың да күрделі формалары осы деңгейде басталады.

Сізге Pre-Intermediate деңгейін оқуды кеңес етеміз, егер сіз:

  • Сұхбаттасушы адамыңыздың айтқан сөздерінің жалпы мағынасын түсініп тұрсаңыз;
  • Сөйлесе аласыз, алайда әлі де болса қысқа, бөлек-бөлек сөйлемдермен сөйлесеңіз;
  • Негізгі грамматикадан хабарыңыз бар, алайда әлі де болса ол нәрсені өз сөзіңізде пайдалана алмасаңыз;
  • Жақында ғана біздің Elementery тобымызды бітірген болсаңыз.

Алдыңғы жазбада Elementery деңгейін нан тауып жей алатын деңгей десек, Pre-Intermediate деңгейі ары қарайғы тілдегі даму сапарына жолдама береді. Әдетте шетелдік жұмыс орындарында Pre-Intermediate деңгейінен бастап талап етіледі (атқаратын жұмыс деңгейіне қарай). Сол себепті Pre-Intermediate – шешуші рөлге ие, маңызды деңгей.

Pre-Intermediate деңгейін бізбен бірге оқып шықсаңыз, не үйренесіз?

  • Шақтарды ажыратып үйренесіз және соларды өз сөзіңізде пайдалануды үйренесіз;
  • I`m going to travel in autumn деген сынды сөйлем мен I used to work hard деген сынды сөйлемдерді түсіне алатын боласыз және құрылымын өзіңіз пайдалана аласыз;
  • I`m used to working hard дегенді түсінетін боласыз;
  • A little flour және A few strawberries деген сөйлемдердің арасындағы айырмашылықты түсінетін боласыз;
  • If it rains, I will stay at home деген сөйлем мен If it rained, I would stay at home деген сөйлемдердің арасындағы айырмашылықты түсініп, сөйлемде қолдана алатын боласыз;
  • A big pie was baked by Sara деген сынды сөйлемдерді оңай түсінетін боласыз;
  • He said I`m working деген сөйлемді оңайлықпен He said that he was working деп оңай өзгерте алатын боласыз;
  • Сөздік қорыңыз 1500-2000 сөз аралығында болады.

Speaking жағынан:

  • Жақсы сөйлейсіз, акцентіңізде жақсарған болады;
  • Өзіңіз жайлы бір дегенде 15-18 сөйлемге дейін құрап айта аласыз;
  • Ағылшынша сөйлескенде бірқатар сөздерді білмей қалсаңыз да, сөйлесушінің ойын түсініп тұра аласыз;
  • Сөйлесу барысында бір сөзді еске ала алмасаңыз, оны басқаша сөздермен түсіндіріп бере аласыз.

Reading жағынан:

  • Жарнама мәтіндерін, газет-журналдарды оқып, түсіне аласыз; Өз деңгейіңізге арналған кітаптарды оқи аласыз.

Listening жағынан:

  • Орта деңгейлі жылдамдықтағы аудио-видеоларды түсіне аласыз;
  • Егер де фильм н/е мультфильм қарап отырсаңыз, астында субтитр болса, көп бөлігін түсіне аласыз;
  • Екпін, буын, дыбыстарды жақсы ажыратасыз;
  • Өз деңгейіңіздегі аудио-кітапты түсіне аласыз.

Writing жағынан:

  • Өзіңіз туралы, қалаңыз туралы ауқымды эссе жаза алсыз. Ол жерде көптеген сын есімдермен сипаттап, көрік бере аласыз;
  • Жақындарыңыз н/е шетелдік достарыңыз хаттар жаза аласыз.
Прокрутить вверх