Түрік тілі (İstanbul)

Статус
Тіркелмеген
Баға
Закрытый
Бастау
This Курс is currently closed

Түрік тілін 0-ден бастап үйренем деуші адамға өте оңтайлы тәсілмен құрастырылған біздің жаңа форматтағы курсымыз. “Стамбул пакеті” деп аталу себебі, видео-дәрістер – Стамбул қаласының түрлі жерінде түсірілген. Ерекшелігі сол, курсқа қатысушы түрік тілін үйренумен қатар, визуалды түрде онлайн-саяхат жасап, эстетикалық ләззат алады, тың тарихи деректерді біліп, рухани демалады. Біздің сабақтарда сіз Стамбул әуежайын (әлемдегі ең үлкен әуежайлардың бірегейі), Босфор бұғазын, Фатих мешітін, Сұлтан Явуз Селим мешітін, Чемберлиташ алаңын, Айя-София мешітін, Сұлтан Абдулхамидтің жатқан жерін, Долмабахче сарайын ж/е басқа да жерлерді көре аласыз.

Шын мәнінде, тіл үйрену – іш пыстырарлық іс болмауы керек. Сабақ форматын көп жылдық сабақ беру тәжірбиесінен кейін, түрлі зерттеулер жасап барып, адам миына салмақ салмайтындай етіп құрадық. 1 күнде берілетін білім – адам фокусының ұзақтығын есепке ала отырып топтастырылған.

Бұл пакеттегі дәріс саны – 10. 10 дәрісте түрік тілінде сөйлеп, естігеніңізді түсініп, түрікше ойлана алатындай, кітап оқып, мәтіндер аудара алатындай дәрежеге дейін үйренесіз. Және бір ерекшелігі – әр жаттаған сөздеріңізді пайдаландырып, ілгергі мен кейінгі дәрістердің арасында сабақтастық орнатып отырамыз. Ең негізгі шарт – қатысушының ынтасы, талабы. Егер қатысушы өзі еңбектенбейтін болса, ешқандай курстан пайда шықпайтынын да ескерткіміз келеді.

Осы курсқа қатысқан ілгергі қатысушылардың пікірлерімен танысып шыға аласыз:

Курс ұзақтығы: 1 ай;

Форматы: онлайн, осы платформада, арнайы жазылған видео-сабақтар арқылы.

Сайтта әр қатысушының өз жеке кабинеті болады, сабақтар автоматты түрде 2 күнде бір мәрте ашылады, қатысушылар өз үлгерімін сайттағы кабинеті арқылы қадағалап отырады.

Менеджер

Прокрутить вверх