Түрік тілін 0-ден бастап үйренем деуші адамға өте оңтайлы тәсілмен құрастырылған біздің жаңа форматтағы курсымыз. “Стамбул пакеті” деп аталу себебі, видео-дәрістер – Стамбул қаласының түрлі жерінде түсірілген. Ерекшелігі сол, курсқа қатысушы түрік тілін үйренумен қатар, визуалды түрде онлайн-саяхат жасап, эстетикалық ләззат алады, тың тарихи деректерді біліп, рухани демалады. Біздің сабақтарда сіз Стамбул әуежайын (әлемдегі ең үлкен әуежайлардың бірегейі), Босфор бұғазын, Фатих мешітін, Сұлтан Явуз Селим мешітін, Чемберлиташ алаңын, Айя-София мешітін, Сұлтан Абдулхамидтің жатқан жерін, Долмабахче сарайын ж/е басқа да жерлерді көре аласыз.
Шын мәнінде, тіл үйрену – іш пыстырарлық іс болмауы керек. Сабақ форматын көп жылдық сабақ беру тәжірбиесінен кейін, түрлі зерттеулер жасап барып, адам миына салмақ салмайтындай етіп құрадық. 1 күнде берілетін білім – адам фокусының ұзақтығын есепке ала отырып топтастырылған.
Бұл пакеттегі дәріс саны – 10. 10 дәрісте түрік тілінде сөйлеп, естігеніңізді түсініп, түрікше ойлана алатындай, кітап оқып, мәтіндер аудара алатындай дәрежеге дейін үйренесіз. Және бір ерекшелігі – әр жаттаған сөздеріңізді пайдаландырып, ілгергі мен кейінгі дәрістердің арасында сабақтастық орнатып отырамыз. Ең негізгі шарт – қатысушының ынтасы, талабы. Егер қатысушы өзі еңбектенбейтін болса, ешқандай курстан пайда шықпайтынын да ескерткіміз келеді.
Келесі сілтемені басу арқылы біздің курстарға қатысқан жандардың пікірлерімен таныса аласыз: пікірлер (отзыв)
Курс құны кері байланыспен: 20.550₸ ⤵️
📌 сабақтарға 6 ай доступ;
📌 куратордың кері байланысы (тапсырма тексеру, қатеңізді туралау);
📌 курстың келесі деңгейіне 40% жеңілдік.
Курс құны кері байланыссыз: 11.250₸ ⤵️
📌 сабақтарға 3 ай доступ;
📌 өз бетіңізше жұмыс жасай аласыз, біз тараптан тексеру болмайды.
Курсқа төлем жасау үшін төмендегі “Сатып аламын” батырмасын басасыз, қажетті пакет үшін курс құнын төлейсіз, төлем жасаған соң менеджерге сатып алу туралы чекті жібересіз, ары қарай менеджер сізді тізімге қосады.
Менеджермен байланысу үшін келесі сілтемені басыңыз: сілтеме
Төменде бірінші сабақты тегін көріп таныса аласыз ⤵️