Тіл біліміне қызығасыз ба? Шеттілдерін үйренгіңіз келеді ме? Алайда қалай және неден бастарыңызды білмейсіз… Егер тап осындай жағдайда болсаңыз, бұл курс сізге арналады.
Тіл үйрену – тек қана сөз жаттап, сөйлем құрау емес. Оның артында көптеген сырлар жасырынған. Сол сырларды осы сабақтарымыз арқылы бізбен бірге аша аласыз.
Бұл курс тек бір тіл туралы емес. Шеттілдерін не үшін үйрену керек, қалай үйрену керек, оның адам өміріне берері не, қандай есіктер ашады деген секілді сұрақтарға жауап аласыз. Өзіміз полиглот ретінде өмірлік мысалдармен, практикалық жағынан тіл маңыздылығын түсіндіретін боламыз.
Өмірлік кез келген жағдайда алдын ала дайындалу – көптеген мүмкіндік береді. Бұл курс та тура солай, тіл үйренудің алдында сіздің миыңызды дайындайтын арнайы профориентациялық курс.
Осы курсты өтіп шыққан соң мақсатты түрде тіл үйреніп, сенімді түрде қадам басатып, ой-санасы жақсы жаққа өзгерген, трансформацияланған адамға айналасыз деп сенеміз.
Бұл курс аясында сабақ саны: 10
Әр сабақтан соң арнайы практикалық тапсырмалар бар. Тапсырмалар – қатысушының шығармашылығына негізделген. Мысалы, эссе жазу, жоспар құру ж/е т.б.
Курс бойы сізге тіл үйренудің жолын көрсетіп қана қоймаймыз, бірден амал-әрекетке итермелейміз. Қатысу барысында өзіңіз де қалай бастай алмай жүрген тіліңізді бастап оқып кеткеніңізді байқамай қаласыз.
Төменде бірінші сабақтың үлгісін бердік. Уақыт арнап, көріп шығыңыз.
Курстағы 10 сабақтың мазмұны:
1-сабақ:
– Polyglot деген кім?
– Автордың өзін таныстыруы
– Миды жаттықтыру
– Интеллектіні дамыту
– Егер мақсатсыз болсаң…
– АҚШ тәжірибесі
2-сабақ:
– Туыстас тілдерде материал қарау
– Тілді не үшін оқу керек?
– Input ж/е Output
– Тіл үйренуімдегі анамның рөлі
– Жаңа тіл маған жастай қалай әсер етті?
– Әке ретінде өз балаларымның қабілетін қалай танимын?
– 幼稚園では遅すぎる(үш жастан кейін кеш)
3-сабақ:
– Ақша – мүмкіндік
– Тілдің қызметі
– Қадам жасау
– Кемелдік
– Кез-келген сала маманы үшін тіл білімінің маңызы
– Тіл білімі арқылы болашаққа жол салғандар
4-сабақ:
– Тіл үйрену – дисциплина қалыптастырады
– Бәрінде бар 24 сағат бізде де бар
– Ықылас
– Рухани сау болу
– Кей қалаулардан бас тарту…
– IELTS-қа дайықдық
– Дұрыс ұстаз табу
5-сабақ:
– Түрік тілінің өміріме әсері
– Себептерін жасау
– Мотивация дозасын білу
– Ішкі мотивация
6-сабақ:
– Корей тілінің өміріме әсері
– Бір тіл – келесі тілді үйреніп кетуге мүмкіндік береді
– Корей тілі философиясы
7-сабақ:
– Бір тілдің мысалында тіл үйрену жоспарын құру
– Жоспардың маңызы
– Апта сайын жетістігіңді қадағалап отыру
– Дедлайнның болуы маңызды
8-сабақ:
– Талан ж/е еңбек
– Оңай әрі тез?
– Жарнама нарығы
– Детальдар
9-сабақ:
– Тіл – Алланың белгісі
– Терең таным
– Халық философиясы
10-сабақ:
– Тілдерден мысал
– Сөздік құру
– Сөз жаттау тәсілдері
– Қорытынды
Ендеше сәттілік, құрметті білім алушы! Курсқа тіркелу үшін менеджерге “ТілБіл курсы” деп жазыңыз:

