Орыс тілі | 0-ден

Статус
Тіркелмеген
Баға
Закрытый
Бастау
This Курс is currently closed

Орыс тілін қанша жерден білмейміз десек те, тарихи фактор себепті бізден алыс емес тіл болып қалды. Орысша білмеймін деген адамның өзі орысша түсінеді, яғни, тіл туралы танымы бар.
Тіл – жек көрініш құралы емес. Тіл деген – мәдениет, таным, тарих, әдебиет. Орыс тіліне де осылай қарай білуіміз қажет.

Тілін білгеннің сырын білесің. Бүгінгі таңда тарихқа өкпелеп отыра берсек, екі есе жеңілген боламыз. Керісінше, Абай айтқан қағидаға салып, орыс тілін де жетік білген артықшылық болады.

Біздің ұсынып отырған бұл курсымыз орыс тілін 0-ден бастап үйретуге бағытталған. Төменде өтілетін тақырыптардың мазмұнын қарай аласыз.

  1. Орыс тіліне кіріспе:
  • Әліппе (әріптер, дыбыстар);
  • Дұрыс произношениенің негізгі қағидалары;
  • Сәлемдесу, қоштасу (базалық фразалар).
  1. Произношение және екпін (ударение):
  • Екпін маңызы;
  • Орыс тілінің дыбыстары;
  • Жуан және жіңішке дыбыстар айырмашылығы.
  1. “Быть” етістігі, есімдіктер (личные местоимения):
  • Я, ты, он/она, мы, вы, они;
  • Глагол “быть”.
  1. Зат есім және сын есім (род, число):
  • Мужской, средний, женский род;
  • Жекеше және көпше түр.
  1. Осы шақтағы етістіктер. 
  2. Сұраулы сөйлемдер:
  • Сұрақты қалай қоямыз?
  • Сұраулы сөздер (Кто? Что? Где? Когда? Почему? Как?)
  1. Сөйлемдегі сөздердің реті.
  2. Простые предлоги (в, на, с, к, от)
  3. Сан есімдер:
  • Қалай дұрыс санаймыз?
  • Сан есімдердің сөйлемде қолданылуы.
  1. Есімдіктер жене септіктер (падежы):
  • Септіктерге кіріспе (И.п. и В.п.)
  • Склонение.

Бұдан бөлек сабақтарда көптеген қосымша тіл туралы танымды кеңейтетін видео және PDF материалдар қамтылған. Бұл курс бір айға жоспарланған. Бір айда жақсы база қалыптастырып, ары қарай да өз бетіңізше жалғай алатындай жол ашасыз. Әрине, білім алу тек бір аймен аяқталмайды. Одан кейін өзіңіз де ізденісті тоқтатпауыңыз маңызды.

Шынында, орыс тілі арқылы да алатын мүмкіндіктер кең. Біз бұл курсты алғаш жасаған кезде орыс тіліне қызмет ету үшін емес, керісінше, өзіміздің қазақтілді қандастарымызға қол ұшын созу үшін бастадық. Тіл білімі – мүмкіндіктерді қамтиды. Орыс тілінде де ақпарат көзі өте көп. Әлі күнге дейін қазақ тілінде таппаған кітаптарды орыс тілінде оқимыз. Елді өзгерту үшін де оқыған, сауатты азаматтар қажет. Сондықтан тіл біліміне құрал ретінде қарай білуіміз қажет.

Келесі сілтемені басу арқылы біздің курстарға қатысқан жандардың пікірлерімен таныса аласыз: пікірлер (отзыв)

Төменде бірінші сабақты тегін көріп таныса аласыз ⤵️

Прокрутить вверх