Ағылшын тілі | Elementary

Статус
Тіркелмеген
Баға
Закрытый
Бастау
This Курс is currently closed

Elementary деңгейі халықаралық стандарт бойынша А1 категориясына жатады. Осы жазбамызда оның Beginner деңгейінен қандай айырмасы барын қарап көреміз.

Ағылшын тілінің Beginner деңгейі енді бастап жатқан адам үшін тура келеді. Ал Elementary деңгейі нағыз нан тауып жей алатын (survival level) деңгей болып табылады. Яғни, Elementary-ды тәмамдаған адам ағылшын тілінде сөйлейтін қандай да бір елге барса, далада қалмайды. Далада қалмайды дегенді дұрыс түсінесіздер, иә? Ол деген сөз – шетелде жүргенде бағыт сұрай аласыз, қонақ үйден өзіңізге жай ала аласыз, дүкендерден түрлі нәрсе ала білесіз дегенді меңзейді.

Әдетте Elementary деңгейіне көп адамдар Beginner-де алынған базамен келеді. Ол өте дұрыс. Алайда сізге не оқу керек, Beginner н/е Elementary? Оны білмеген жағдайда не істейміз? Осы жазбаны оқып көрсеңіз, сұрағыңызға жауап тапқан боларсыз…

Elementary деңгейі сізге сай келеді, егер сіз:

  • ілгеріде аз уақыт ағылшын тілін тиянақты оқып, негізгі қарапайым заттарды үйренген болсаңыз;
  • ағылшын тілінде сөйлей алмайсыз, алайда қарапайым грамматикасын білесіз және де сөздік қорыңыз шамамен 300-500 сөзді құраса;
  • ағылшын тілінің грамматикасы турасында бұлыңғыр түсінік болса (білетін де сияқтысыз, білмейтін де сияқтысыз) және соның бәрін миыңызда жүйелеп, ретке келтіргіңіз келсе;
  • базалық біліміңіз бар, алайда мүлдем ағылшынша естігенде түсіне алмасаңыз;
  • Beginner деңгейін ұстазбен бірге өткен болсаңыз.

Elementary деңгейін бізбен бірге оқып шықсаңыз не біліп шығасыз?

  • Present Perfect шағын оңай жолмен түсініп, оны өз сөзіңізде пайдалана алуды;
  • Алдыңғы айда қамтылған ағылшын тілінің шақтарын кеңінен қолдана бастайсыз;
  • Ағылшын тілінде қай заттар саналады, қай заттар саналмайды, соларды үйренесіз;
  • Ағылшын тілінде сөйлесіп жатқан адамыңызға түрлі сұрақтар қоя алатын боласыз;
  • Жиілік үстеулерін үйреніп, оларды сөйлеуіңізде пайдалана аласыз;
  • Сын-қимыл үстеулерін үйреніп, оларды сөйлемде пайдалана аласыз;
  • Ұнататын нәрсеңіз туралы, жек көретін нәрсеңіз туралы, жақсы көретін нәрселер туралы әңгімелей аласыз;
  • “There is no snow on the ground” сөйлемінің құрылымын толық түсінетін боласыз;
  • Сөздік қорыңыз 1000-1500 сөз арасын құрайды.

Speaking жағынан:

  • Өзіңіз жайлы ж/е өзіңіздің отбасыңыз туралы ағылшын тілінде оңай әңгімелеп бере алуды;
  • Елдер мен түрлі ұлттар туралы ағылшынша айтуды;
  • Түрлі мамандықтар туралы әңгімелесе алуды;
  • Күнделікті өміріңіз туралы әңгімелесе алуды;
  • Жеңіл, күнделікті тақырыптарда әңгіме қозғай алуды;
  • Сол үйренген тақырыптарыңыздың аясында өзіңізге қойылған сауалдарға жауап бере алуды үйренесіз.

Reading жағынан:

  • Өз деңгейіңізге арналған әдеби оқулықтарды оңай оқып, түсіне аласыз;
  • Шетелде жүргенде мекемелердегі, құрылыс нысандарындағы, көшедегі ағылшынша жазуларды оқып, түсіне аласыз;
  • Жаңалықтар оқығанда оның жалпы контекстін ұға бастайсыз.

Listening жағынан:

  • Өз деңгейіңізге арналған аудио-жазбаларды тыңдап, түсіне аласыздар;
  • ағылшын тілінде сөйлейтін адаммен сұхбаттасуыңыздың деңгейі өседі, оның айтқан сөздерінің көп бөлігін түсіне алатын боласыз.

Writing жағынан:

  • Досыңызға жеке хат жолдай аласыз;
  • Өзіңіз туралы, отбасыңыз туралы, достарыңыз туралы қысқаша эссе жаза аласыз;
  • Әуежайларда ж/е сол секілді халықаралық заңды мекемелерде өзіңіз жайлы анкета-құжаттарды толтыра аласыз.

Келесі сілтемені басу арқылы біздің курстарға қатысқан жандардың пікірлерімен таныса аласыз: пікірлер (отзыв)

Курс құны кері байланыспен: 20.550₸ ⤵️

📌 сабақтарға 6 ай доступ;
📌 куратордың кері байланысы (тапсырма тексеру, қатеңізді туралау);
📌 курстың келесі деңгейіне 40% жеңілдік.

Курс құны кері байланыссыз: 11.250₸ ⤵️

📌 сабақтарға 3 ай доступ;
📌 өз бетіңізше жұмыс жасай аласыз, біз тараптан тексеру болмайды.

Курсқа төлем жасау үшін төмендегі “Сатып аламын” батырмасын басасыз, қажетті пакет үшін курс құнын төлейсіз, төлем жасаған соң менеджерге сатып алу туралы чекті жібересіз, ары қарай менеджер сізді тізімге қосады.

Менеджермен байланысу үшін келесі сілтемені басыңыз: сілтеме

Прокрутить вверх