Араб тілі | Кіріспе топ

Статус
Тіркелмеген
Баға
Закрытый
Бастау
This Курс is currently closed

Араб тілі кіріспе тобы – араб тілін игерудегі алғашқы баспалдағыңыз болады. Құран оқуды білсеңіз, енді сол оқығаныңызды түсінуге әрекет етіп жүрген болсаңыз, осы курс пакеті сізге арналады. 

Саудия пакеті курсы – 15 сабақтан тұрады және сол 15 сабақтың бәрі Сауд Арабиясы Корольдігінің түрлі әсем жерінде түсірілген, оның ішінде қасиетті қалалар – Мекке & Медине де бар.

Курсты өту мерзімі: 1.5 ай

7 сабақтан кейін өтілгенді бекіту үшін бір аралық бақылау тесті бар және курс аяқталғанда ең соңында қорытынды бақылау емтиханы бар.

Бұл курста елге белгілі Арман Қуанышбаев, Олжас Бейсенәлі, Нұрсұлтан Рысмағанбет сынды ұлағатты ұстаздар да қонақ болып, араб тілі туралы ақыл-кеңестерін берген. Сол себепті сабақтарымыз өте ерекше форматта, танымды, руханиятқа толы. Араб тілін үйренумен қатар визуалды түрде Сауд Арабиясына сапар шегесіз, тарихтан тағылым аласыз, ерекше рухани атмосфераны сезінесіз.

Бұл топты жалпы кімдер үшін құрап шықтық?

Егер де сіз әріптерді танып, харакаттармен қосып оқи алуды білсеңіз, алайда оқыған нәрсеңізді түсінбесеңіз, сізге осы топты ұсына аламыз. Бұл топта грамматикалық атаулармен көп бастарыңызды қатырмаймыз. Тілді сезуге, соны сездіруге, дәмін татқызуға акцент береміз. Себебі бұл біздің ана тіліміз емес. Десек те, араб тілі бізден бөтен де емес. Дініміз арқылы қанымызға сінген тіл. Мұсылман ретінде оны игеруіміз қажет және ол нәрсені Алла Тағала бізге жеңіл етіп қойғанын Құранда баян етеді.

Бізбен бірге бұл курста 1 ай ішінде не үйрене аласыз?

  • 1000-ға жуық сөз жаттайсыз;
  • араб тілінде қысқа сөйлемдер құрап бастайсыз;
  • жаттаған сөздеріңізді өздеріңізге пайдаландырамыз;
  • араб тілінде сұрақтар сұрай аласыз;
  • етістіктің осы шағын талдап, осы шақта етістіктермен сөйлей алатын боласыз;
  • етістіктің өткен шағын талдап, өткен шақта етістіктермен сөйлей алатын боласыз;
    есімдіктерді пайдаланып үйренеміз;
  • өзіңізді таныстыра алатын боласыз;
    арабша харакатсыз оқып, жазып үйренудің алғышарттарын түсіндіреміз;
  • ер тегі мен әйел тегінің айырмашылығын білесіз;
  • араб тіліндегі екілік түрдің не екенін білесіз;
  • заттардың қайда тұрғанын, адамдардың қайда екенін айта алатын боласыз;
  • жануарлардың, адамдардың не істеп жатқанын айта алатын боласыз.

Құрметті достар! Бұл курсты құрастыруда көптеген жылдық тәжірбиені біріктірдік. Түрлі тілдерді игеру тәсілдерін зерттей жүре, адам миына қолайлы болатындай жолды қарастырдық. Егер де біздің жүйеге сәйкес, тапсырмаларды уақытылы орындап, берілгенді оқып жүрер болсаңыз, 1 ай ішінде өзіңіздің көңіліңізден шығардай нәтижеге қол жеткізе аласыз. Біз сіздерге ешқандай қажырсыз нәтижеге жетесіздер деген өтірік жарнама бермейміз. Міндетті түрде қажыр-қайрат танытуыңыз керек болады.

Келесі сілтемені басу арқылы біздің курстарға қатысқан жандардың пікірлерімен таныса аласыз: пікірлер (отзыв)

Курс құны кері байланыспен: 20.550₸ ⤵️

📌 сабақтарға 6 ай доступ;
📌 куратордың кері байланысы (тапсырма тексеру, қатеңізді туралау);
📌 курстың келесі деңгейіне 40% жеңілдік.

Курс құны кері байланыссыз: 11.250₸ ⤵️

📌 сабақтарға 3 ай доступ;
📌 өз бетіңізше жұмыс жасай аласыз, біз тараптан тексеру болмайды.

Курсқа төлем жасау үшін төмендегі “Сатып аламын” батырмасын басасыз, қажетті пакет үшін курс құнын төлейсіз, төлем жасаған соң менеджерге сатып алу туралы чекті жібересіз, ары қарай менеджер сізді тізімге қосады.

Менеджермен байланысу үшін келесі сілтемені басыңыз: сілтеме

Төменде бірінші сабақты тегін көріп таныса аласыз ⤵️

Прокрутить вверх