ШЕЙХ МУХАММАД АУУАМА

Шейх Мухаммад Аууама (حفظه الله)

Танымал хадис ғалымы, мұсылмандардың мақтанышы.

1940 жылы 1 қаңтарда Сирияның Алеппо қаласында дүниеге келген.

Білім жолында Мухаммад ас-Сальқынисияқты шейхтардан тәлім алып, кейін өз замандарының асқарлары болған Абдулла Сиражуддинмен Абдуль-Фаттах Әбу Ғуддасынды шейхтардың үздік шәкірті болған.

Шейх Абдуль-Фаттах Әбу Ғуддашәкірті Мухаммад Аууамажайлы: “Ол – кешегі шәкіртім және бүгінгі әріптесім” деген.

1961 жылы Мухаммад Аууама Ислам шариғаты факультетіне оқуға түсіп, сол жылы “Шағбания” медресесінің ұстазы әрі кітапханашысы болады.

Бұл медреседе ол 18 жылдай сабақ беріп, кейін 1980 жылы Сириядан нұрлы Медине қаласына қоныс аударады.

Мединеде шариғи университетке ұстаз болып тағайындалып, “Пайғамбар (салла-ллаһу ғалейһи уа сәлләм) өмірбаяны мен сүннетіне қызмет” атты факультетін ашады.

12 жылдай “Даруль-қибла”баспасында да қызмет атқарып үлгереді.

Белгілі кітабы “أثر الحديث الشريف في ﺍختلاﻑ ﺍلأئمة ﺍلفقهاﺀ” деп аталады. Бұл кітап қазақ тіліне “Фиқһ ғалымдарының пікір алуандылығына хадистің әсері” деп аударылған болатын.

Шейх Мухаммад Әууәмә– XX ғасырдың әйгілі мухаддисі Шейх Абдул-Фәттәх әбу Ғудданыңең жақын шәкірттерінен. Ислам саласында әртүрлі мәселеде отыз бес ғылыми еңбек жазған.

14-ке жуық ғылыми еңбектері бар және де олар көптеген тілдерге аударылуда.

Ғалымдарымыз әсіресе біздер өте жақсы танып-білулеріміз керек. Егер де араб тілін білетін болсаңыз, ғалымымыз туралы көптеген құнды ақпараттар таба аласыз. Ал қазір ең кемінде осы мәліметтерді жадымызға тоқып алсақ дейміз. Соңында Шейх Мухаммад Аууаманың жастарға айтқан насихатынан үзінді келтіре кетейік:

“Ей, жастар! Біз барлығымыз өз елдерімізде мемлекеттік мектептерде білім алдық. Сол жерлердің бәрінде “Жастар – біздің келешегіміз”деп айтады. Жастар – біздің ұлттың келешегі! Ал сіздер болсаңыздар – Ислам үмметінің келешегісіздер! Уақытты не нәрсеге жұмсаймын деп ойланған сәттеріңізде Алланы еске алыңыздар! Өздеріңіздің ыждағаттарыңыз арқылы Алланың рахымын іздеңіздер! Алланың сіздерге берген нығметтерімен Алланы таныңыздар! Күш-қуат, денсаулықтарыңызды осы дінге қызмет ету жолында жұмсаңыздар! Алла Тағала бізді Өзінің кітабында сүйіншіледі: “وَآتَاكُم مِّن كُلِّ مَا سَأَلْتُمُوهُ”, “Ол сендерге сұрағандарыңның бәрін берді”! Ей менің білім ізденуші бауырым! Қашан сен Алладан шынайы ықыласпен білім сұрайсың, Ол саған міндетті түрде білім береді. Себебі Ол сендерге сұрағандарыңды бұған дейін де берді. 

Ербол Ахмедов

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх