TilBil Polyglot

Авторы: Арсен Шәди

Бет саны: 210

Тіл білімі – бүгінде мәдениеттерді байланыстыратын, халықаралық қатынастарда маңызды рөл ойнайтын, жекелеген адамның ой-өрісін кеңейтетін бірегей сала болып қалыптасты. Ғасыр талабы ретінде түрлі тілдерді үйрену керек екенін естіп жатамыз, біліп жатамыз. Алайда нақтылы үлгі болмағандықтан, бел буып сол қалаған тілдерімізді үйренуге кірісе алмаймыз. 

Тіл үйрену – адамды тәртіпке үйретеді, ойын жүйелейді, ойландырады, ойына ой қосады, жаңа белестерге ұмтылдырады. 

Ал енді “TilBil Polyglot” атты алғашқы кітабымыз тап сол тіл үйренгісі келетін, алайда неден бастарын білмейтін, бастауға қорқатын адамдарға арналады. Сенімділігі аздау адамдарға күш беріп, ары қарай шабыттандыра түседі. Біз осы жолмен жүріп өткеннен кейін, өз оқырмандарымызға дұрыс бағыт беретін еңбек жазып шығуды қаладық.

Кітапта қазақ тілінен бастап өзіміз үйренген басқа да 8 тілді қамтуға тырыстық. Себебі тіл үйренудің біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Рухани дамуда, керемет трансформациялануда тәсірі мол болды. Біздің осы еңбекті оқу арқылы, басқа да адамдардың рухани дамып, өмірдегі өз жолдарын табуын қалаймыз.

Кітап  – бір адамның білім жолындағы талпыныстары мен жүріп өткен жолын өзіне сыйдырған, ізденіс пен білім алуда сізге қосымша көмегін тигізетін құрал болып табылады. Адамның басынан өткен шынайы оқиғасы – мотивациялық кітаптарға қарағанда көбірек әсер етеді. Егер ол адам сіздің замандасыңыз, қатарласыңыз болса, алатын әсер тіпті өзгеше болмақ. Сонымен қоса бұл кітапта тілдерді біздің көзқараста жүйелі түрде қалай бастау керек, қашан бастау керек, нендей кітаптармен бастау керек деген сынды сауалдарға жауап табасыз. Кітап тек баспа түрінде (Pdf, электронды нұсқада емес). Оқуға жеңіл етіп, қызықты әрі пайдалы форматта құрастырылған. Кітапты сатып алғаннан кейін, бірден ыстықтай оқып тастауды кеңес етеміз. Кітап оқуды кейінге қалдырмаған жөн. Ал егер бұған дейін кітап оқу әдетіңізде болмаса, біздің кітап сол әдеттің бастауы болсын. Күніне бір мезгіл кітап оқуды әдет қылсаңыз, өміріңіздің қалай жақсы жаққа өзгеріп жатқанын байқай бастайсыз.

Алекс Новактың тегін кітаптарға қатысты жазған пікірімен таныстыра кетсек дейміз. Адам қандай да бір кітапты тегін жүктеп алып жатқан кезде, соған сай эквивалентті бермейді. Ал енді эквивалент берілмесе – олай алынған білім жұмыс жасамайды.

Интернеттен бизнес-кітаптарды, жеке тұлғалық даму туралы еңбектерді жүктеп алып таратып жүрген адамдарға назар аударып көрейікші. Олар оны үздіксіз оқиды, үзінділер келтіреді, жазылған күшті сөздерге тамсанады. Бірақ сонымен ғана шектеледі. Ондағы алынған білімдердің бәрін пайдаланбайды. Тіпті пайдалана да алмайды. Себебі эквивалент 0-ге = тең. Нәзік материялардың заңдылығы жүзеге асады. Шынайы пайда алуды көздесек – сәйкесінше беріп те үйренуіміз қажет.

Кітап мазмұны:

Алғы сөз

7 Кіріспе

12 Қазақ тілі

19 Орыс тілі

29 Араб тілі

73 Ағылшын тілі

115 Шаблондар

126 Ағылшын тілінің деңгейлері

131 Илья Франк тәсілі

134 Ағылшын тілін білу үмметке пайдасын тигізе ме?

137 Ағылшын тілін үйренушіге кеңестер

140 Тілдік барьер

143 Түрік тілі

159 Input және Output практикасы

160 Ризығың сені іздейді

164 Дипломсыз қызмет

170 Магистратура

173 Парсы тілі

191 Корей тілі

196 Жапон тілі

200 Иврит тілі

205 Қорытынды

Өмірдегі мақсаттарымыздың бірі – алған біліміміз арқылы өз қоғамымызға пайдамызды келтіре алу. Осы жасап жатқан еңбектеріміздің пайдасы тиеді деген сенімдеміз. “TilBil Polyglot” атты кітабымызды алып оқып көрген болсаңыз, осында төменде өз пікіріңізді қалдырсаңыз. Пікірлеріңіз міндетті түрде оқылады. Пікір қалдыруға еш ерінбеңіз. Мүмкін сіздің пікіріңіз өзге біреуге әсер етер. Жақсылыққа нұсқаушы, соны жасағандай сауап алатынын ұмытпағайсыздар!

Ал егер әлі оқып көрмеген болсаңыз, тап қазір менеджерімізге жазып, кітапқа тапсырыс бере аласыз. 

Кітап құны: 5990₸

Менеджер: +7 701 459 34 35

Жазбамен Facebook, WhatsApp, Telegram, Vk желілерінде бөлісу үшін, төмендегі белгілерді пайдалана аласыз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх