Қазақ халқы өзі ертеден – Тарбағатай, Сырдария, Ертісарасында көшіп-қонып жүргендіктен, араб-парсы, қытай-моңғол және орыс мәдениеттерінің қазақ тіліне, әдеп-ғұрпы мен шаруасына тәсір еткендігі мәлім. Иә, қазақта “тәсір” деген сөз бар. Мағынасы “әсер ету”. Оның да этимологиясына қарасақ араб тілінен шығады (تأثير). XVI – XVIII ғ.а.қазақтар Түркістанды “Басқала” қылып, араб-парсы мәдениеттеріне көршілес жатқан кезеңде, даламыз өркениеттер тоғысында қалды.
Қазақ тіліне қаншалаған сөздердің кіргендігін білеміз. Дей тұрғанмен, бүкіл дерлік сөздер біздің тілге енгенде өзіндік ассимиляцияға ұшырап, қазақи-далалық кейіпке еніп отырған. Ол нәрсе өз кезегінде тілдің күштілігін білдіреді. “Панказахизм”, “өз тілін дәріптеушілік” емес, лингвисттердің пайымы солай.
Енді құрметті достар, біз шығыстанушы болғандықтан өзіміз білетін шығыс тілдерінің аясында жазатын боламыз. Қолдан келгенше кешегі Нәзір Төреқұлдардыңжолын жалғап, елеулі еңбек етіп, адам боп келіп, адам боп кетуді қалаймыз.Кешегі Нәзір қиын заманда туып, сайқал саясаттың құрбаны болып кеткен болса, бүгіндері біздің арамыздан ондаған, тіптен жүздеген Нәзірлер шыққалы тұр.
Алла өзі жар болып, біздің елдің жігіттеріне бірлік пен татулық берсе болғаны!
Ал енді Нәзір Төреқұлтурасы сөз қозғайтын болсақ, Орта жүздің қоңырат тайпасынан шыққан, қазақтың тұңғыш елшілерінің бірі, шығыстанушы, дипломат, аудармашы, тілші, қоғам және мемлекет қайраткері – 1892 жылы дүниеге келген.
Жалпы мен үшін көп жағдайда құрметке лайық болатындар – Ислам дініне берік жандар.Беталды білімді екен, талапты екен, талантты екен деп кім көрінгеннің дарынына бас ие бермейміз. “Дінді білмеген – дымды білмейді”деген сөз приоритеттерді орын-орнымен қойып береді.
Сонда Нәзір, кешегі қызыл байрақ желбіреп, сұм саясат бәрін жалмап бара жатқан 1921 жылдардың өзінде Ислам дінінің қоғамда атқарып отырған рөліне оң баға беріп мақала жариялаған. КСРО аумағындаҚұрбан айттымереке ретінде тойлауға рұқсат алдырған. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Мағжан Жұмабайсынды қазақ зиялыларын тартып, көп қолдау білдірген.
1928 – 1932 жылдары Хижаз королдігінде бас консулқызметін атқарған. Өзі сол кезеңдерде империялар құлап, әлемде күш балансы (Balance of power)бірполярлы бола бастаған уақыт етін. Осман империясынан қалған қасиетті жерлерді бәз-біреулердің қолдауымен басып алған Сауд әулеті 1932 жылыСауд Арабиясынқұрады.
Нәзір Төреқұл1936 жылға дейін королдікте КСРО-ның өкілетті елшісіболып қызмет етеді. Араб, парсы, түріктілдерін жетік меңгерген қазақ ұланы Фейсал әл-Саудтыңжәне оның отбасының сүйіспеншілігіне бөленеді. Жазирадағы қызмет барысында бірнеше мәрте кіші және үлкен қажылықөтеуге мүмкіндік алады. Мемуарларға сүйенсек Нәзір де Құранды жаттаған екен. Оның араб даласындағы беделінің артуы, монархтың отбасымен тым жақындасуы Кремльдегі жолдастарға ұнамайды. Дереу елге алдырып, көбіміздің ата-бабамыздың өмірін жазықсыз қиған 1937 жылы “Үштіктің шешімімен” халық жауы атанып, Мәскеуде ату жазасына кесіледі…