Араб тілі курсымыздың алғашқы сабағына қош келдіңіз! Сабақты бастамас бұрын ең әуелі ниетімізді жақсылап реттеп алсақ… сол үшін келесі дұғаны оқи аласыз: “Аллаһуммә, әхсин нийәти” (Аллаһым, менің ниетімді жақсы етші).
Ал енді қызыл теңіздің жағасында бізбен бірге отырғандай сезініп, жаныңызға ыстық кофеңізді немесе шайыңызды дайындап, сабақты ләззат ала отырып тамашалағайсыз. Қалам-дәптеріңіз де сақадай сай боп, керек жерлерін түртіп отырыңыз. Себебі өзіңіздің жазып алған нәрселеріңіз – қайталау үшін ең жақсы құрал.
Видео-дәрісті қараймыз; 2. Дәптерге керегімізді жазып аламыз; 3. PDF кітапшада берілген үй тапсырмасын орындаймыз (видео-дәрістің сол жақ астыңғы бұрышында “скачать” деген батырманы басу арқылы ашасыз).